Трамп АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері оған төменгі палатадағы сот процесінде заңгер мен куәгерлер шақыруға мүмкіндік бермегенін айтты. "Енді олар Сенатқа сотты қалай өткізу керегін айтқысы келеді", - деп жазды Трамп.
Ақ үй басшысының айтуынша, демократтарда оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқ және ол ешқашан болмайды. Сондықтан ол Сенатта сот процесін дереу бастауды талап етті.