USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Астаналық "Барыс" Қазанда қиын қарсыласын "Ақ Барсты" жеңді

  • 07.желтоқсан.2021, 12:11,
  • 140

Ойынның үшінші кезеңі бәрін шешті. ҚХЛ-да ойнап жүрген "Ак Барс" пен "Барыс" хоккейшілері Қазан қаласында кездесті.

"Барыстың" жаттықтырушылар штабы өткен матчпен салыстырғанда бір ғана өзгеріс жасады. Төртінші буында Якоб Берглундтың орнына Дмитрий Гурков төбе көрсетті.


Бірінші кезеңде ойында алаң иелері ширақ қимылдап, басымдық танытып жатты. Алайда көрермендер гол көрмеді.


Есесіне екінші кезеңде Егор Шалапов қарымта шабуыл ұйымдастырып жіберіп, Якоб Лилья сылқ еткізіп, шайба салды.


Үшінші кезеңнің ортасында Роман Старченко керемет пас жасап, Аркадий Шестаков екінші шайбаны қақпаға тықты.


Кездесудің соңғы минутында алаң иелері тарапынан Дмитрий Воронков көзге түсті.


"Ак Барыс" – "Барыс"кездесуінің қорытындысы" – 1:2 (0:0, 0:1, 1:1).

0: 1 – 21:46- Лилья (Шалапов)

0: 2 – 50:25- Шестаков (Старченко)

1:2-58 – 19- Воронков (Кагарлицкий, Уил)

Қақпашылар: Билялов - Ортио.

9 желтоқсанда "Барыс" Сочиді қабылдайды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.09.2021
30.07.2021
29.07.2021
17.07.2020
11.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031