USD 538.54
EUR 628.31
RUB 6.7
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауыр атлетикадан қазақстандық әлем чемпионы атанды

  • 08.желтоқсан.2021, 12:14,
  • 153

Жанкүйер оның 2018 жылы Ашхабадта алған күмісін ұмытқан жоқ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Арли Чонтейді құттықтады.

- Қазақстандағы барша олимпиадалық жанұя атынан Сізді Ташкенттегі әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен құттықтаймын.


Сіздің алтын жүлдеңіз жылдар бойы жалғасқан тынымсыз жаттығу мен еңбектің арқасында келді. Жанкүйерлер сіздің 2018 жылы Ашхабадта жеңіп алған күміс жүлдеңізді ұмытқан жоқ.


Бүгінгі керемет көрсеткіштен соң адал еңбектің жақсы нәтижемен оралатыны тағы да дәлелденді. Ұзаққа созылған пандемия барлық салаға салқынын тигізіп, спорттық жарыстар күнтізбесіне де өзгеріс енгізген шақта чемпион атану жеңістің бағасын одан әрі арттыра түседі.


Сіздің бапкерлеріңіз Михаил Сорокин мен Виктор Ниді де жетістігімен құттықтаймын!


Бұл жеңіс үлкен спорттағы қадамын енді аттаған көптеген жас атлеттерге жігер беретініне сенімдімін! Зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін, - делінген құттықтауда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.11.2021
07.11.2021
06.09.2021
06.09.2021
06.09.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930