Ширек финалға 10 қазақстандық шықты. ¼ финалға қатысушылар саны бойынша Қазақстан құрамасы өзге елдерді басып озды: Ресейден 8 боксшы, Өзбекстан, Куба, АҚШ-тан 6 боксшы осы кезеңге өтті.
Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі кг) сынды боксшыларымыз жартылай финалға өту үшін тағы рингке шығады.
1 қарашада шаршы алаңға шыққан боксшылармыз қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
(51 кг) Сәкен Бибосынов – Диипак (Үндістан) 5:0
(63,5 кг) Санатәлі Төлтаев – Денис Песоцкий (Украина) 4:1
(80 кг) Нұрбек Оралбай – Пал Ковач (Венгрия) 5:0
Ал 2 қарашада ширек финалдық матчтар басталады. Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшылар ең кемі қола алып қайтатын болады.
Қазақстан құрамасынан ең бірінші 48 кг салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов қолғап түйістіреді. Оның қарсыласы – Өзбекстан боксшысы Нодиржон Мырзахмедов. Одан кейін:
- Сабырхан Махмуд – Михаель Тринидад (Бразилия)
- Абылайхан Жүсіпов – Чинзорик Баатарсух (Моңғолия)
- Нұрқанат Райыс – Сальваторе Кавалларо (Италия)
- Саматәлі Төлтаев – Софиан Оумиха (Франция)
- Санатәлі Төлтаев – Рииз Линч (Шотландия)
- Сакен Бибосынов – Юбержен Мартинес Ривас (Колумбия)
- Серік Теміржанов – Эдуард Саввин (Ресей)
- Асланбек Шымбергенов – Юрий Захариев (Украина)
- Нұрлыбек Оралбай – Владимир Мирончиков (Сербия)