USD 514.5
EUR 582.67
RUB 6.35
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қосымша әлемнің 3 елінде қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу мерзімі қысқартылды

  • 29.қазан.2021, 14:34,
  • 152

Қазақстандықтар паспортты Корея, Өзбекстан және Жапониядан 30 күнде ала алады.

"Мемлекеттік қызмет 2021 жылдың қазан айынан бастап Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Жапония аумағында жүрген Қазақстан азаматтары үшін қолжетімді болды. СІМ мен ҚР ІІМ-нің аталған пилоттық жобасы құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шетелде жүрген азаматтарға паспорт дайындау бойынша қызмет көрсету процесін оңтайландыру шеңберінде іске асырылады", делінеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Сыртқы саясат ведомствосы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба Қазақстанның Ресейдегі, Германиядағы және АҚШ-тағы шетелдегі мекемелерінде табысты іске асырылып жатқанын еске салды.


"Қазақстанның мемлекеттік органдары шетелде қазақстандық азаматтарға паспорт рәсімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша жағдайлар жасалатын елдердің географиясын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруда", - деп қосты ҚР СІМ баспасөз қызметі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.09.2021
23.08.2021
17.05.2021
10.01.2021
16.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031