USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауғанстан экономикасы қатысты қандай болжам бар?

  • 20.қазан.2021, 15:45,
  • 132

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ауғанстанның ЖІӨ-нің 30%-ға төмендеуі мүмкін екенін айтты. 

ХВҚ Ауғанстан экономикасының құрдымға кетіп бара жатқанын айтады. Талибан билікті басып алғаннан кейін елдің ЖІӨ 30%-ға күрт төмендеуі мүмкін.

ХВҚ елге гуманитарлық емес көмек пен шетелдік активтердің тоқтатылғанын, сондай-ақ Талибан билікке келгеннен кейін ауған банктерінде қолма-қол ақшаның жетіспей жатқанын атап өтті.


"Бұл импорттың азаюына, ақшаның құнсыздануына, әрі өндірістің 20-30%-ға төмендеуіне әкеледі", – делінген қордың есебінде.


ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азиядағы департаменті басшысы Джихад Азур CNBC-ге берген сұхбатында Талибан Кабулда билікті басып алғанға дейін де елдегі жағдай мәз емес болғанын айтты.

Коронавирус пен құрғақшылық салдарынан ауған экономикасы бұған дейін де қиын жағдайда тұрған.


"Бізді уайымдататын мәселе – экономиканың күрт төмендеуі", – деді Азур.


Елдегі шешілмеген мәселелер азаматтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келді. Миллиондаған адам кедейлікке ұшырамақ. Сондықтан ХВҚ "халықаралық қауымдастық тарапынан Ауғанстан халқына медициналық көмек көрсетілсе" дейді. Әрі білім беру саласында үлкен мәселелер шешілмей тұрғанын атап өтті ол.



#Ауғанстан #экономика #Талибан #болжам #кедейлік 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.10.2021
16.08.2021
13.08.2021
09.07.2021
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031