USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші қайтыс болды

  • 04.қазан.2021, 12:53,
  • 134

Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған суретші Ларс Вилкс пен оның күзетшілері жол апатынан қаза тапты.

SVT телеарнасының хабарлауынша, суретшінің көлігі жүк көлігімен соғысқан. Екі көлік те өртеніп, өртті сөндіру кезінде жол бірнеше сағат бойы жабық болған. Тек жүк көлігінің жүргізушісі аман қалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген екен.


"Оқыс оқиғаның қалай болғанын әзірге айта алмаймыз. Тергеу нәтижесін күту керек", - деді полиция өкілі Рикард Лундквист.


2007 жылдың 18 тамызында Nerikes Allehanda басылымында Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы жарияланғаннан кейін Швеция БАҚ-тары Ларс Вилкс жайлы жаза бастады. Содан кейін суретшіні қорқытушылар көбейіп, Вилкске полицияның күзеті қойылды.


Кейін 2005 жылы басқа суретші Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын Данияның Jyllands-Posten басылымында жариялап, дау-дамай қайта туындады. Жарияланған карикатура мұсылман әлемінде наразылық толқынын тағы тудырған болатын.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.12.2020
22.11.2020
22.11.2020
20.07.2020
25.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930