USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

БҰҰ: 2022 жылдың соңына дейін әлемдегі барлық адамдар екпе алуы шарт

  • 15.қыркүйек.2021, 14:22,
  • 287

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Абдулла Шахид әлемдегі барлық адамға 2022 жылдың соңына дейін коронавирусқа қарсы екпе егілу керектігін мәлімдеді.

"2022 жылдың соңына дейін әлемдегі адамдардың бірін қалдырмай вакциналау - біздің басты мақсатымыз. Оған қол жеткізу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы ретінде қолдан келгеннің бәрін жасаймын", - дейді Шахид.


Ол келесі жылдың басында екпеге қатысты теңсіздік бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер ұйымдастыруға ниетті екенін атап айтты.


Бұған дейін белгілі болғандай, әлемде коронавирус инфекциясының 225 024 781 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте COVID-19-ды 451 361 адам жұқтырған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2021
04.05.2021
20.12.2020
27.08.2020
08.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930