USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғыз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

  • 27.августа.2021, 14:13,
  • 167

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Адам шығына әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды қатты қайғыра отырып, зор күйзеліспен қабыл алдым. Қырғыз Республикасы халқының атынан және өз атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тілеймін", - делінген көрші Мемлекет басшысының жеделхатында.


Айта кетсек, 26 тамызда сағат 19.00 уақытында Жамбыл облысында жарылыстар болды. Бес адамның қаза тапқаны айтылады. Олардың барлығы әскери қызметкерлер. Зардап шеккендердің саны 90-ға жетті. Жергілікті халық мектептерге эвакуацияланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031