USD 495.1
EUR 583.72
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркияның солтүстігінде су тасқыны болып жатыр

  • 13.августа.2021, 11:01,
  • 240

Түркия президенті Тайып Ердоған әлеуметтік желілер арқылы су тасқыны құрбандарына қатысты көңіл айтты.

"Кастамону, Синоп және Бартин провинцияларында болған су тасқыны салдарынан 17 азаматымыздың қаза болуына байланысты көңіл айтамын", деп жазды Түркия президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында.


Бұған дейін республика билігі елдің солтүстігінде табиғи апаттан зардап шеккен 11 құрбан туралы хабарлаған болатын.


Су тасқыны болған аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, Ердоғанның айтуынша, оған 4600-ден астам адам мен 1000 -нан астам техника жұмылдырылған.


11 тамызда қатты нөсер салдарынан Түркияның солтүстік -шығысындағы бірқатар провинцияларда, Бартин, Синоп, Кастамону қалаларында су тасқыны болды. Қала көшелерін лай су шайды. Ғимараттарға, көліктер мен инфрақұрылымға зақым келді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728