USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Олимпиада 2020: Жабылу салтанатты өтті

  • 09.августа.2021, 11:02,
  • 311

Жазғы Олимпиаданың жабылу салтанаты Токиодағы Ұлттық стадионда өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты ашылу салтанатындағыдай ол да көрерменсіз жүргізілді.

Токио ойындарында 339 медаль жиынтығы додаға салынды.


Қазақстан жалпы олимпиадалық есепте 83 -ші орынды иеленді. Қазақстаннан барлығы 97 спортшы Токио Олимпиадасына қатысты, олар 27 спорт түрінен ел намысын қорғады. Командамыз тек қола медаль иеленді.


АҚШ құрамасы 39 алтын, 41 күміс және 33 қола медальмен жалпы есепте І-орынға ие болды. ІІ-орында - Қытай құрамасы (38-32-18), ІІІ-орында - Жапония (27-14-17), IV-орында - Ұлыбритания (22-21-22), V-орында - Ресей Федерациясы (20-28-23) ).


Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс 2020 жылдан 2021 жылға шегерілді. Ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізу туралы шешім қабылдады, ал жергілікті көрермендерге Жапонияның алты префектурасында, соның ішінде Токиода өтетін олимпиадалық шараларға қатысуға рұқсат берілмеді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031