USD 474.72
EUR 515.17
RUB 5.58
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Олимпиада 2020: Токиоға қазақстандық спортшылардың екінші легі ұшып келді

  • 29.июля.2021, 16:15,
  • 216

Қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді. Делегация құрамында 44 адам бар, оның ішінде 23 спортшы, жаттықтырушылар, күрделі ғылыми топтардың мамандары мен әкімшілік қызметкерлері. 

Спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген.


"Аман-есен ұшып келдік. Олимпиадалық ауылдағы қазақстандық спортшылар қатарына қосылғанша асықтық. Дайындық пен спортшылардың қалпына келуіне уақыт жетеді деп ойлаймын. Біздің атлеттер Олимпиада ойындарына қарқынды дайындалып, ерекше жігерленіп келді", - дейді Гюзель Манюрова.


Жапонияға келген соң спортшылар мен жаттықтырушылар карантин аймағында болды. Одан кейін чартерлік рейспен Токиоға жетті.

Жеңіл атлетика бойынша бәсекелер 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Жарыс жолына Ольга Рыпакова да шығады. Ол қазіргі таңда Токиода жаттығып жатыр.


Сондай-ақ, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова да бақ сынайды. Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады. 1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған бұрымды балуандар мен грек-рим күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов белдеседі.


2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді.


28 шілдедегі нәтиже бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарынан үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов мен ауыр атлеттер Зульфия Чиншанло мен Игорь Сон ұтып алды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.07.2021
26.07.2021
26.07.2021
21.07.2021
20.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031