USD 474.72
EUR 515.17
RUB 5.58
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Токио Олимпиадасының ашылу салтанатының режисері жұмыстан босатылды

  • 23.июля.2021, 10:07,
  • 193

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының директоры, әзіл-сықақ әртісі Кэнтаро Кобаяси Холокостқа қатысты бұрынғы әзіл спектаклінің жазбасы Интернетте тарап, қызметінен босатылды.

Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Кобаясидің жұмыстан босатылатыны туралы бейсенбіде, 22 шілдеде, Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында жариялады.


Ұйымдастыру комитетінің басшысы осы оқиғаға байланысты кешірім сұрады және "қазіргі уақытта ашылу салтанаты сценарилерінің барлығы жіті қаралып жатыр, әрі қарайғы іс-шаралар талқылануда" деп баса айтты. Сонымен бірге Хасимото дау-дамай кезінде өзінің қызметінен кетпейтінін және өз міндеттерін соңына дейін орындайтынын айтты.


"Олимпиада ойындарын ойдағыдай өткізуге бел будық, біз көптен бері дайындалдық. Барлық мүмкін кедергілерді, барлық қиындықтарды еңсеріп, Олимпиада сәттілікке ие болады. Маған сенім артыңыздар, тарихи оқиғаны осы Олимпиаданы ұйымдастырушылар өз жолындағы барлық кедергілерді еңсере білген турнир ретінде еске алатын боласыздар", - деді Хасимото журналистерге.


Нацистердің жөйттерді жоюы Кобаяси қатысқан комедиялық дуэт орындаған скетч тақырыбына арқау болған. Атап айтқанда, ол: "Холокостты ойнайық", - дейді. Спектакль 1998 жылы орындалды, бірақ видео интернетте енді ғана пайда болды.


"Кез-келген адам, қанша креативті болса да фашистік геноцид құрбандарын мазақ етуге қақысы жоқ. Фашистік режим мүгедек немістерді де газбен тұншықтырып, өлтірді. Бұл адамның Токио Олимпиадасымен кез-келген қатыстылығы 6 миллион жөйттің намысын қорлайды және Паралимпиада ойындарын мазақ етеді, - дейді Симон Визенталь орталығы деканының орынбасары", деді раввин Авраам Купер.


Бұған дейін композитор Кейго Оямада Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты жұмыс тобынан өз еркімен кеткен болатын. Ол 1994-1995 жылдары өзінің сұхбатында оқушы кезінде мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісіп, мазақ қылғанын мойындаған еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.07.2021
11.03.2020
03.03.2020
09.12.2019
25.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031