"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде (2021 жылы – 48023 теңге) жәрдемақы енгізілді.