Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады.
Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Министрлер Кабинетін отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды емдеу тәртібін бекіту туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Қазақстанда бензинге қатысты жағдай тұрақты екенін айтты.
Жаңаөзенде мұнай өндіруші "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бұрғыларын жөндейтін "КЕЗБИ" мекемесі жұмысшыларының ереуілді қайта бастағаны хабарланды. 11 қазанда интернетте ондаған жұмысшының жұмысты тоқтатқаны жайлы видеомәлімдемесі жарияланды.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына аудит жүргізеді.
Мәжілістегі "Nur Otan" фракциясы партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Палата Спикері, "Nur Otan" партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында ақау орын алды.