Ақтөбеде 30 жастағы келіншек бала босанғаннан кейін перзентханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Солардың салғырттығынан, дер кезінде әрекет етпегенінің кесірінен бауырымыздан айрылдық деп отыр. Келіншектің өліміне не себеп? Туыстарының талабы қандай? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.
Қазақстанда 130-ға жуық жоғарғы оқу орны бар. Оның көбі ұзақ жыл билікте жүрген, министр болған адамдарға немесе олардың туыстарына тиесілі, дейді Азаттық.
Қаржы мониторинг агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын жасады.
Нұрболат Ахметжанов: Ясауи әлеміне қатысты тұлғаларды дәл қазір кеңінен насихаттап, тарихын түгендемесек, келешекте ұмыт қалуы мүмкін,-деп хабарлайды tengrinews.kz.
Танымал қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов өмірден озды.
"Евровидение-2021" халықаралық байқауының финалына кімдер шыққаны белгілі болды.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 267 жағдайы тіркелді.