Америка президенті Джо Байденге Орталық Азия елдері арасында, бірінші кезекте Қазақстан атынан одақтастар іздеу ұсынылды. Бұл туралы The Wall Street Journal мақаласында айтылды.
Ақтөбе облысында 24 наурыздан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі. Жаңа қаулыға өңірдің бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева қол қойды.
Шығыс Қазақстанда бір мектептің отызға жуық оқушысы инфекцияға шалдықты. Ауру шыққан Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы екі жүз жетпіс екі бала білім алатын мектеп карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқуға көшті.