Жалғызбасты жандардың өсімі сонау 80-жылдары байқалған. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сол кездерде оқу бітірген жастардың көпшілігі жалғыз тұруға тырысқан. Осыған бой үйреніп кеткендері де бар. Оған қоса, бүгінгі заман ағымы өзгерді. Қазір біреудің біреуге күні қарап тұрған жоқ. Ер азамат пен әйелдердің бір-біріне деген қажеттілігі жойылып бара жатқандай. Себебі ел арасында тұрмысқа шықпастан сәбилі болу дендеп барады. Осы қаншалықты дұрыс, қыз-келіншектердің мұндай қадамға баруына не түрткі деген сауалымызға психолог Дана Саметова жауап берген еді.