Арқаның әйгілі күрескер ақын-композиторы Мәди Бәпиұлы 1880 жылдың 28 наурызында бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей болысындағы Үшқара тауының баурайында (қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округында) дүниеге келген. Аса көрнекті тұлғалар Қаз дауысты Қазыбек бидің (1667- 1764) ұрпағы және Алшынбай бидің немересі бола тұра тартысты ғұмыр кешті.