Елорда автобустарында жолаушының бет-жүзін тану арқылы жолақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін "IPay" ЖШС құрылтайшысы Алмас Айменов айтты.
Күйеуі бензин құйып, өртеп жіберген Нұр-Сұлтан тұрғыны әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.
Ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті Харон Дадаев Алматыда ұсталды. Оған алаяқтық бойынша айыппұл тағылды.
Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жария еткені үшін сотталған Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қылмыстық-мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады.
Қазақстандық зерттеуші, қытайтанушы Константин Сыроежкин қазақстандық азаматтығынан айырылды.
Алматы қаласында кезекті жылу құбыры жарылды. Бұл туралы Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен ТКШ кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин
Жылыту маусымы оңтүстік шаһарға 15 қазан күні басталмақ. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлады.
Салық рақымшылығы аясында қазақстандықтар 8 млрд теңге көлеміндегі салық берешегін өтеді.
Жапонияда "Хагибис" тайфуны салдарынан қаза тапқандар саны 67-ге жетті.
"Мостостроительный отряд №25 имени Рязанова А." ЖШС 32 жұмысшылары 2018 жылдан бері жалақысын алмаған. Олар Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықты салған еді. Жұмыс берушінің ісіне қарсылық ретінде наразылыққа шықты.