USD 425.02
EUR 450.1
RUB 7.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жариялады

  • 05.қантар.2022, 02:31,
  • 244

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Мәлімдеме Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.


Құрметті отандастар, қадірлі ағайын!


Баршаңызға тағы да айтарым, іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын.


Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлде заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек.


Ал жастарға айтарым, жарқын болашаққа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыздың жағдайын ойлаңыздар.


Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін. Сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.11.2021
16.08.2021
25.02.2021
10.12.2020
20.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2022    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031