USD 433.74
EUR 489.52
RUB 5.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нығматулин Сауд Арабиясы билігінің өкілімен кездесті

  • 19.қазан.2021, 14:09,
  • 23

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы және мұсылман елдеріндегі ең маңызды серіктестерінің бірі екенін айтты.


Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашанда Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін, бүгінде бұл бағытты Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқанын атап өтті.



Сонымен қатар, Палата Спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды әріптестерінің бірі екенін, екі ел басшыларының бірлескен жұмыстары Нұр-Сұлтан және Эр-Рияд қалалары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң серпін беретініне мән берді.


Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин бейінді парламенттік комитеттер арқылы өзара сапарлар алмасу тәжірибесін одан әрі белсенді жалғастыра отырып, парламентаралық ұйымдар шеңберінде жұмысты әрі қарай тиімді ынталандыру керектігіне тоқталды.


Өз кезегінде, мәртебелі мейман екі ел арасындағы саяси-экономикалық байланыстың ерекше дамып келе жатқанын, осы қалыптасқан қарым-қатынасты одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтті.



Нұрлан Нығматулин мен Әл Аш-Шейх Қазақстан мен Сауд Арабиясы қатынастарын жан-жақты нығайту және арттыру парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
26.08.2021
28.06.2021
07.06.2021
01.04.2021
ПІКІР
22 қараша12:46,
Экономика
Доллар бағамы кезекті рет өсті  
«    Қараша 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930