USD 425.02
EUR 450.1
RUB 7.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырауда Рfizer вакцинасын 2 276 адам салдырды

  • 24.желтоқсан.2021, 14:20,
  • 53

Атырау облысында Рfizer вакцинасын 2 276 адам салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін 256 546 адам ектірген. Ал, вакциналардың ІІ компонентін алғандардың саны 237 732 адамға жеткен.

«Қазір Атырау облысында ревакциналаудан 6 865 адам өтті. Ревакциналаудан дәрігерлер мен, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, созылмалы сырқатымен есепте тұратын пациенттер өтіп жатыр. Ал, 20 қарашадан бері Pfizer 2 276 адам салдырды. Бұл вакцинаны алғандардың қатарында 120 жүкті әйел, бала емізіп отырған 1 174 ана мен 12-ден 18 жасқа дейінгі 982 жасөспірім бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында ревакциналаудан 6 мыңнан астам адамның өткенін хабарлаған болатынбыз.



#вакцина #екпе #коронавирус #пандемия #омикрон #Pfizer 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.12.2021
22.11.2021
08.09.2021
02.09.2021
23.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2022    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031