USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордамызда екпе салғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды

  • 03.августа.2021, 10:16,
  • 189

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілдеде (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтті. Төртінші ұтыс ойынына 24 шілде мен 30 шілде аралығында вакцинацияланғандар қатысты. 

Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялау пункттерінің бәрі қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты, арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.


Екі iPhone 12-нің төртінші ұтыс ойынының жеңімпаздары: № 12016 – Күлшара Ибраева және № 6159 – Бекзат Өтеуов;
"Sulpak" дүкенінің тоңазытқышын жеңіп алды: № 8998 – Валентина Ясневская;
"Sulpak" дүкенінің теледидары: № 89 – Зулхия Шакубаева;
"Sulpak" дүкенінің микротолқынды пеші №12902 – Нұралин Рүстем.


Қала әкімдігі демеушілер есебінен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын апта сайын өткізеді. Енді 28 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) вакцинацияланғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцинацияланған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.


IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын — жаздың соңына дейін өткізеді.


Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.


Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Айта кету керек, ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.


Сондай-ақ "MEGA Silk Way" СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакциналанғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны өтетін хабарлады.


Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат — ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.07.2021
24.06.2021
23.06.2021
11.06.2021
11.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930