USD 448.56
EUR 478.03
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ән конкурсы "Славян базары" бойынша Қазақстан топ жарды

  • 19.июля.2021, 10:09,
  • 109

Витебскідегі "Славянский базары" халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауының Гран-приі Қазақстан өкіліне бұйырды. 

18 шілдеде жас орындаушылар байқауының бас жүлдесі үшін қызу тартыс өтті. Вокалистер бас дирижер Виталий Кулбаковтың жетекшілігімен Беларусь Республикасы Президенті оркестрінің ұжымының сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады.


Тартысты күресте жеңісті Қазақстан өкілі Рухия Байдүкенова жұлып алды. Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті.


Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич алды. Ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифелге берілді. Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті.


Қазылар алқасы ақылдасып, Гран-придің кімге ие болатынын анықтау кезінде көрермендер Беларусь, Ресей, Украина, Грузия, Қазақстан әртістерінің қатысуымен өтетін концертті тамашалай алды.


Николай Носков, Ярослав Сумишевский, Игорь Корнелюк, Ангелина Ломако, Александр Панайотов, Сергей Пенкин, Тео және Ольга Рыжикова сынды әртістерді көрермендер Витебск қаласында жылы шыраймен қарсы алды. "Корни" тобының сүйікті және танымал хит әндеріне залдағы қыздар билеп, дискотека ұйымдастырды.


Ал Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде, айнала қиқуға басып, зор қошемет легі залда біразға дейін басылмады.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
30.11.2020
16.08.2020
29.11.2019
15.07.2019
15.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930