USD 425.3
EUR 501.05
RUB 5.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Олимпиада 2020: Қазақстандық грек-рим күресінің бапкері шешіммен келіспейді

  • 03.августа.2021, 16:34,
  • 35

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін Токио олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Бүгін ел сапынан соңғы болып сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда германиялық қарсыласынан ұтылды. 

Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов Olympic.kz сайтына төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.


"Төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болған жоқ. Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тік тұрып жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Олар, төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса, қарсыласқа бір ұпай беріледі. Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты ­– неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай берctңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін", – дейді бас бапкер Бақтияр Байсейітов.


Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Тұрсынов Токио бозкілемін 87 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Екеуара кездесу 4:1 есебімен германиялық Денис Кудланың еншісіне шешілді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.08.2021
29.07.2021
29.07.2021
28.07.2021
28.07.2021
ПІКІР
14 қыркүйек14:23,
Экономика
Көкөніс бағалары төмендеп жатыр  
14 қыркүйек13:59,
Экономика
Көмір өндірісі қысқарып келеді  
14 қыркүйек11:03,
Тарихи мұра / Фото
ШҚО ерекше тарихи маңызы бар обалар табылды   Фото
13 қыркүйек15:06,
ҚОҒАМ
800-ден сайт бұғатталды  
13 қыркүйек09:46,
саясат / Видео
Ұлттық қауіпсіздіктің жағдайы қандай?!   Видео
«    Қыркүйек 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930