USD 445.66
EUR 474.58
RUB 4.78
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

COVID-19 вирусын таратушы мемлекетті БҰҰ атады

  • 29.июля.2021, 12:44,
  • 85

БҰҰ келесі COVID-19-ды таратушы елді атады. Бұл ел берген статистика күмәнді, ал денсаулық жүйесі былыққа әбден батқан, мәйітханада болса, кезек көп

БҰҰ баяндамашысы Том Эндрюс Мьянмада "жұқпалы аурудың күрт өсуі дабыл қағарлық жағдайда", - деді, деп хабарлайды The Guardian.


"Мьянма COVID-19-дың супертаратушысы болуы мүмкін, мұнда өте қауіпті, тез жұқпалы, өлімге әкеліп соғатын дельта және өзге де формалары кезіп жүр. Бұл өте-өте қауіпті", - деді Том Эндрюс.


Маманның айтуынша, Мьянмада COVID-19 жұқтырғандар мен өлгендердің нақты саны белгісіз. Ол штат әлем халқының үштен бір бөлігіндегі елдермен шектесетінін еске салды.


Саяси және экономикалық дағдарыспен бірге елдегі эпидемиялық жағдай бүкіл аймақта COVID-19 індетінің жайылуына түрткі болуы мүмкін. Эндрюс ақпандағы төңкерістен кейін Мьянмадағы вакцинация бағдарламасы тоқтап қалғанын, дәрігерлердің ереуіліне байланысты ауруханалар іс жүзінде жабылып қалғанын айтады.


Эндрюс Мьянмадағы дәрігерлер ереуілге шыққанын, мемлекеттік ауруханалар жұмыс жасаудан бас тартқанын, дәрігерлер қысым мен қорқытуларға тап болғанын, адамдарды жасырын емдеуге мәжбүр болғанын баса айтты.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2021
19.05.2021
09.03.2021
26.01.2021
27.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930